Елизавета ІІ Лондон сән апталығына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елизавета ІІ Лондон сән апталығына барды

21.02.2018

Ұлыбритания патшайымы Елизавета Екінші дизайнер Ричард Куиннің сән көрсетіліміне барды. 91 жастағы королева америкалық «Vogue» («Вог») журналының бас редакторы Анна Винтур мен Ұлыбритания сән кеңесінің басшысы Кэролайн Рашпен бірінші қатарда отырған. 66 жыл тақта отырған Елизавета ІІ Лондон сән апталығына алғаш рет барып, көпшілікті таңқалдырды.

Кеш соңында патшайым жас дизайнерге «Елдің сән индустриясын дамытуға қосқан үлесі» үшін сыйлығын берді. Ал, Ричард Куинн келешекте Гарри ханзаданың болашақ жары Меган Маркл үшін киім тіккісі келетінін атап өтті.

 

Томирис АБИШЕВА

Хабарламаларға жазылу