Шереметьево әуежайындағы ұшақ апатына найзағай себеп болуы мүмкін
Мұны ТАСС агенттігі хабарлап отыр. Аспандағы соққыдан лайнердің автоматика жүйесіне зақым келген.
Сонымен қатар, апатты жағдайда қонғанда, әуе машинасы бірнеше рет жерге соғылған. Соның салдарынан шасси тағандары майысып, қозғалтқыштар отқа оранды. Ұшақтың артқы бөлігі түгел жанып кеткен. Аман қалған жолаушылардың айтуынша, әуе кемесінің соңында отырған адамдардың сыртқа шығуға мүмкіндігі қалмаған. Өкінішке қарай, борттағы 78 адамның 41-і мерт болды. Қазір апатқа байланысты тергеу жүріп жатыр. Ал, Мурманскіде алдағы 3 күн қаралы деп жарияланды.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әр үйде отбасы құндылықтары орнығуы қажет»
14.09.2026, 10:40
Елена Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы
14.09.2026, 10:08
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 10:08
Манарбек Ержановтың есімі Түркияда ұлықталды
14.09.2026, 10:07
Теңізде паром аударылып, 129 адам жоғалып кетті
14.09.2026, 10:06
Мұнай бағасы 3 пайызға жуық қымбаттап, 107 доллардан асты
14.09.2026, 10:06
«Қазақстан халқына» қорынан 220 талапкер білім беру грантына ие болды
14.09.2026, 10:05
ШҚО-да тұмауға шалдыққандар күрт көбейді
14.09.2026, 10:03