Франциядағы шіркеуде 3 адамды мерт қылған күдікті тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франциядағы шіркеуде 3 адамды мерт қылған күдікті тұтқындалды

30.10.2020

Францияның Ницца қалассындағы шіркеуде 3 адамды мерт қылған күдіктінің кім екені анықталды. Ол 21 жасар тунистік мигрант. Францияда заңсыз жүрген күдіктіге қарсы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оған Ниццадағы Нотр-Дам шіркеуінде екі әйел мен бір ер адамды өлтірді деген айып тағылып отыр. Осыдан кейін бүкіл ел аумағында лаңкестікке қарсы қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Жансая Қапасқызы

франция Нотр-Дам шіркеуі шабуыл

Хабарламаларға жазылу