«Таңшолпан». Франция елінің павильонына саяхат (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Франция елінің павильонына саяхат (ВИДЕО)

20.06.2017

Франция елінің павильоны 7 бөлімнен тұрады. Әрқайсысында Францияны әлемге танытқан ұлы ғұламалардың бейнелері мен ойлап тапқан туындылары қойылған. Кіреберісте Экзюперидің «Кішкентай ханзада» еңбегінің жазбалары орнатылған.

Павльонның екінші бөлігі жасанды цемент ойлап тапқан Луи Веканың туындыларына арналған. Жасанды цемент қайда қолданылады? Мәселен, тарихи мұраны қалпына келтіру үшін. Әлемге ең әйгілі «Нотр-Дам де Пари» тарихи нысанын жөндеу үшін осындай жасанды цемент қолданылған.

Павильонда әлемге әйгілі басқа да туындылар қойылған. Мәселен, самокат, велосипед, соңғы үлгідегі скутер және де көзтартар туындылардың бірі – құны 1 млн еуро тұратын соңғы үлгідегі «Пежо» автокөлігі.

«Астана қаласында өтіп жатқан Халықаралық көрмеге қатысқанымызға өте қуаныштымыз. Көрме барысында Франция елінің ұлттық күндері өтіп, мәдени бағдарламалары ұсынылатын болады. Мәселен, кеше павильонымызда ерекше кездесу өтті. Қазақтың жазушысы Олжас Сүлейменовты қабылдап, оның өлеңдерін тыңдадық. Міне осы арқылы екі елдің достастығы мен қарым-қатынасы бекем түседі», - дейді Франция павильонының комиссары Паскаль Лорот.

Хабарламаларға жазылу