2015-2017 жылдарға арналған бюджет мақұлданды (толығырақ)

19.11.2014
2015-2017 жылдарға арналған бюджет мақұлданды (толығырақ)

Осылайша, еліміздің экономикасын дамыту шараларына тағы 3 миллиард доллар бөлінді.

«Бұл - дағдарыс жылдарында біздің азаматтарымызға көрсетіліп жатқан үлкен қолдау» деген депутаттар құжатты бірауыздан бірінші оқылымда мақұлдады.

Құжатқа сәйкес, денсаулық сақтау саласына алдағы 3 жылда 2 триллион теңге жұмсалмақ.

Білім және ғылым саласына 1 триллион 713 миллиард теңге, ауыл шаруашылығына 553 миллиард, көлік жүйесін дамытуға 590 миллиард теңге қарастырылған.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу