Қытай «Airbus»-тан 300 ұшақ сатып алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай «Airbus»-тан 300 ұшақ сатып алады

26.03.2019

Франция мен Қытай миллиардтаған еуроның келісімшарттарына қол қойды. Мұндай пәтуаға тараптар президент Си Цзиньпиннің Парижге сапары кезінде қол жеткізді. Елисей сарайының қожайыны Эммануэль Макрон мәлімдегендей, екі мемлекет қалпына келетін энергия, кемемен тасымалдау және банк салаларында келісім жасасқан. Сонымен қатар, Қытай «Airbus» компаниясынан 30 миллиард еуроға 300 ұшақ сатып алатын болды.

Адам құқығын қорғау ұйымдары болса, Макронды осы кездесуде Шыңжаңдағы мұсылмандардың мәселесін көтеруге шақырды. Франция президентінің айтуынша, Париж бұл проблеманы Бейжіңмен арадағы диалогта алға қойып, Қытайдағы фундаменталдық адам құқықтарын құрметтеу мәселесіне Еуропамен бірге алаңдап отырғанын жеткізді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу