«Airbus» компаниясы бір мезетте 430 ұшақ сатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Airbus» компаниясы бір мезетте 430 ұшақ сатты

16.11.2017

«Airbus» тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, әйгілі компаниядан бірден 430 ұшақ сатып алынды. Бұл сауда келісімі Біріккен Араб Әмірліктерінде жасалды. Жалпы, 50 миллиард доллар шамасында қаражат жұмсаған «Indigo Partners» атты америкалық компания болып отыр. Аталмыш кәсіпорын әуе техникасын жалға берумен айналысады екен. 

Осылайша, «Airbus» басты бәсекелесі «Boeing»-ті басып озып отыр. Тағы келер жылы қарашаның ортасына дейін 718 ұшаққа тапсырыс берілді.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу