Египетте болған әуе апатынан соң 2,5 мың адам психологтың көмегіне жүгінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Египетте болған әуе апатынан соң 2,5 мың адам психологтың көмегіне жүгінді

02.11.2015
Египетте болған әуе апатынан соң  2,5 мың адам психологтың көмегіне жүгінді

Санкт-Петербургте әуе апатынан мерт болғандардың туыстарына 60-тан астам пихолог көмек көрсетті, деп хабарлады Риа Новости. 

Дүйсенбі күні Петербургке Төтенше жағдайлар саласының арнайы бортымен әуе апатының 144 құрбаны жеткізілген.

Апаттан мерт болғандардың мүрделері салынған екінші ұшақ кешкісін келуі керек. Жуық арада Шафир даңғылына жақын мәйітханада мәйіттің кім екенін анықтау шаралары болады.  

«Когалымавиа» компаниясының Airbus A321 ұшағы Шарм-эль-Шейхтан Санкт-Петербургке  ұшып бара жатып, онымен баййланыс үзілген.

Ұшақ Синай жартыаралының солтүстігіне құлады. Оның бортында 217 адам 7 экипаж мүшесі болған. Барлығы да мерт болды, деп хабарлайды lenta.ru.

 

   

Хабарламаларға жазылу