Жаңа Зеландияда дауыл алып көпірді қиратып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа Зеландияда дауыл алып көпірді қиратып кетті

26.03.2019

Жаңа Зеландияның батыс жағалауында соққан дауыл алып көпірді қиратып кетті. Вайхо өзенінің үстінен тартылған жол опырылып, түгел құлап қалған. Сондай-ақ, толассыз жауыннан өзендер арнасынан тасып жатыр. Сондықтан, Франц-Джозеф қалашығына тасқын қаупі төнді. Ал, дүлей дауылдан зардап шеккен Уэстлэнд ауданында төтенше жағдай жарияланып, оған  апаратын барлық жолдар жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылған.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ                                                  

Хабарламаларға жазылу