АҚШ-тың оңтүстігіне «Нейт» дауылы соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың оңтүстігіне «Нейт» дауылы соққы берді

09.10.2017

Миссисипи және Луизиана штаттарында толассыз нөсер тасқынға ұласып, жолдар өзенге айналып, көлік қозғалысын қиындатты. Кей аудандарда көшкін де жүрген. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, Никарагуа, Коста-Рика және Гондурас елдерінде дауыл салдарынан сенбі күні 25 адам қаза тапқан. Екпінді желдің жылдамдығы сағатына 140 шақырымға жетіп, көпірлерді қиратып, үйлерді бұзған. Мамандардың айтуынша, дауыл қуаты жағынан «Мария» және «Ирма» дауылдары сияқты болмағанымен, тоқтаусыз жаңбыр жауып, тасқын қауіп төндіріп тұр. Қазір су басқан өңірлерден адамдар қауіпсіз жерлерге көшіп жатыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу