Мозамбикке «Идай» дауылы соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мозамбикке «Идай» дауылы соққы берді

15.03.2019

Мозамбикте күшті тропикалық дауыл соғып, жағалаудағы қаланы қиратып кетті. Кемінде 5 адам ауыр жараланған. Алапат жел сағатына 170 шақырым жылдамдықпен соққан. Циклоннан кейін Бейра қаласының маңайындағы аудандарды түгел су басып, үйлер қирады.

Сондай-ақ, электр желілері үзіліп, ағаштар тамырымен жұлынған. Бұған дейін «Идай» циклоны бір аптаның ішінде 70 шақты адамның өмірін қиған. Ондаған мың тұрғын қауіпсіз жерге көшіріліп, елде төтенше жағдай жарияланды. Дүлей дауыл енді Зимбабвенің шығысы мен Малавидің оңтүстігіне қауіп төндіріп тұр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу