Атырау облысында Ноғайты өзені тасып, ауылдағы көпірді су шайып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында Ноғайты өзені тасып, ауылдағы көпірді су шайып кетті

26.03.2021

Атырау облысына қарасты Қызылқоға ауданында Ноғайты өзені тасып жатыр. Екпіні қатты су Сағыз елді мекені маңындағы жолдар мен көпірді және өткелдерді шайып кетті. 

Жандос Темірғали, тілші: 
Иә, абырой болғанда қызыл судан ауыл халқы аман. Жауаптылар қауіп жоқ деп отыр. Оқиға облыс орталығынан 274 шақырым жерде орналасқан Сағыз округінде болып жатыр. Өр суы Ноғайты өзеніне кешеден бастап құйылған. Салдарынан елді мекен маңындағы бір көпір мен ауыл ішіндегі екі өткелді су шайып кетті. Оны тұрғыннан келген мына әуесқой бейнежазбадан-ақ көруге болады. Қызыл судың екпіні әлі қайтпады. Біз ауыл әкімінен жағдайды телефон арқылы сұрап білдік. 

Нұрәлі Әбишан, Сағыз ауылдық округінің әкімі:  
Қардың қалыңдығынан жиналып, жаңбыр болды. Жаңбыр қарды ерітіп, сайдың өзеннің бойымен суын толтырып тұр ғой. Ноғайты өзенінің үстімен өтетін көпір болып еді бұрын. Соны бұзып тастап, қайтадан жаңа көпір салу үшін. Былтыр уақытша көпір салып қойып еді. Сол уақытша көпірді су шайып кетті. Қазір ол көпірді қалпына келтірдік. Судың деңгейі қазір едәуір түсті.
Жандос Темірғали, тілші: 
Көлік қозғалысы қазір реттелді. Бүлінген көпірді Ақтөбе-Атырау жол құрылысына жауапты мекеме өкілдері жөндеп береді. Оған онға жуық техника жұмылдырылған. 

Хабарламаларға жазылу