Жаңа Зеландияда дауыл құрбандарының саны өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа Зеландияда дауыл құрбандарының саны өсті

17.02.2023

Жаңа Зеландияда «Габриэль» циклонынан қаза тапқандар саны 8-ге жетті. Марқұмдардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Себебі құтқарушылар дауыл соққы берген кейбір аудандарға жете алмай жатыр. Оның үстіне циклоннан кейін 4 мың 500-ден астам адам хабар-ошарсыз кеткен. Полицияның мәліметінше, олар тұратын аймақта байланыс үзілген болуы мүмкін. 62 мыңға жуық нысан әлі электр жарығынсыз отыр. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Көмекке Австралия өз мамандарын жіберді.    

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу