Иранда су тасқынынан 19 адам қаза тапты
Иранда су тасқынынан кемінде 19 адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланды. Мұны жергілікті билік хабарлады. Бір апта бойы жауған нөсерден үлкен өзендер арнасынан тасып кеткен. Нәтижесінде мыңдаған үй қирап, жолдар бұзылды. Ал, елдің оңтүстігіндегі Шираз қаласы суда қалды. Сондықтан, оған құтқарушылар көмекті тікұшақпен жеткізуге мәжбүр.
Қазір түгелдей су басқан ауылдардың саны 300-ге жетіп отыр. Тасқынның күштілігі соншалық, ол көліктерді шайып әкетіп, жол бойына үйіп тастаған. Сонымен қатар, мыңдаған адам үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшірілді. Ауа райы болжамы бойынша, толассыз жаңбыр енді елдің солтүстігі мен шығысына ойысады. Сондықтан, ол аймақтарда сақтық шаралары күшейтіліп жатыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Exit Рoll өкілі: Халықтың белсенділігі жоғары
23.08.2026, 14:16
ОСК азаматтардың белсенділігі бойынша ақпарат жариялады
23.08.2026, 14:14
«Дарбаза-Мақтаарал» теміржол құрылысы қарқынды жүргізілуде
23.08.2026, 14:11
Қазақстан әлемдегі бақытты елдер рейтингінде 33-орында
23.08.2026, 14:10
Маңғыстауда 267 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр
23.08.2026, 14:08
Жамбыл Жабаевтың отызға жуық ұрпағы Құрылтай сайлауында дауыс берді
23.08.2026, 14:08
Смағұл Елубай: Әр азамат өз болашағы үшін жауапкершілік танытуы керек
23.08.2026, 14:06
Жалпыұлттық онлайн-марафон 38 Уoutube-арнада көрсетіліп жатыр
23.08.2026, 14:05