Малиде содырлар шабуылынан 134 адам мерт болды
Малидің Огоссагу және Велингара ауылына содырлар шабуыл жасап, 134 бейбіт тұрғын мерт болды. Олар үйлерді қиратып, өртеп жіберген. Жанып кеткен мәйіттердің көбі қарттар, әйелдер мен балалардікі. Олар фулани ұлтының өкілдері болған. Мұндай әрекеттерге ұлтаралық қақтығыстар себеп болуы мүмкін.
Қаңтар айында дәл осындай оқиға болып, 37 адам қаза тапқан. Ел президенті Ибрагим Бубакар Кейта «мұндай әрекеттер соғысқа әкелуі мүмкін» деп отыр. Малиде 2012 жылдан бастап бірнеше исламдық топ елдің солтүстігін басып алып, Азавад тәуелсіз мемлекетін жариялаған еді. Алайда, 2013 жылы аталған аумақ ел билігіне қайтарылды. Содан бері елде ұлтаралық қақтығыстар жиі болып тұрады.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Exit Рoll өкілі: Халықтың белсенділігі жоғары
23.08.2026, 14:16
ОСК азаматтардың белсенділігі бойынша ақпарат жариялады
23.08.2026, 14:14
«Дарбаза-Мақтаарал» теміржол құрылысы қарқынды жүргізілуде
23.08.2026, 14:11
Қазақстан әлемдегі бақытты елдер рейтингінде 33-орында
23.08.2026, 14:10
Маңғыстауда 267 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр
23.08.2026, 14:08
Жамбыл Жабаевтың отызға жуық ұрпағы Құрылтай сайлауында дауыс берді
23.08.2026, 14:08
Смағұл Елубай: Әр азамат өз болашағы үшін жауапкершілік танытуы керек
23.08.2026, 14:06
Жалпыұлттық онлайн-марафон 38 Уoutube-арнада көрсетіліп жатыр
23.08.2026, 14:05