Депутаттар дауласып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар дауласып қалды

07.03.2019

Ұлыбританияда парламент отырысында депутаттар эмоцияға ерік берді. Ел премьер-министрі Тереза Мэй мен Шотландия ұлттық партиясының мүшесі Кирсти Блэкман сөзге келіп қалған. Дауды басу үшін спикер Джон Беркоу бар дауысына салып, оларға тыныштық сақтауды бұйырды. Бұл оқиға әлеуметтік желіге дереу тарап кеткен. Желі қолданушылары оны тіпті күлкіге айналдырып, қызу талқыға салып жатыр.

Британдық депутаттар дауыс көтерумен шектелсе, Үндістан заң шығарушылары қол көтеруге дейін барды. Олардың бірі жиналыс барысында аяқ киімін шешіп алып, қарсыласын ұрды. Екінші тарап та қарап отырмай, жауап қайтарған. Олар іргетасқа есім жазу мәселесі бойынша дауласып қалды. Үнділердің нанымы бойынша, аяқ киім лас саналады. Ал, онымен ұру - тіптен қорлық. Осы оқиғадан кейін депутаттар кешірім сұрағанымен, жергілікті билік оларға қатаң тәртіптік жаза қолданатынын мәлімдеді.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу