Иммун тапшылығы вирусын жұқтырған әлемдегі екінші адам дерттен айықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иммун тапшылығы вирусын жұқтырған әлемдегі екінші адам дерттен айықты

06.03.2019

Бұл туралы АҚШ-тың Сиэтл қаласында өткен дәрігерлер конференциясында профессор Равиндра Гупта мәлімдеді. Науқасқа донордың сүйек майы ауыстырылып салынған. Үш жыл бұрын жасалған отадан кейін ол ретровируске қарсы препараттарды қабылдауды тоқтатыпты. Содан кейін талдау нәтижелері оның ағзасында вирус инфекцияларының жоқ екенін көрсетті. Осылайша, мамандар жұқтырылған иммун тапшылығы синдромын емдеуге болады деп отыр. Алайда, ізденістер әлі де жетілдіруді талап етеді. Бұған дейін америкалық Тимоти Браун дәл осындай ем алып, аурудан құлан-таза айыққан еді.

Айта кетсек, қазір бүкіл әлем бойынша 37 миллион адам иммун тапшылығы вирусын жұқтырған. Ал, 1980 жылдардан бері шамамен 35 миллионы қатерлі дерттен көз жұмды.

Жансая АЛЬЧЕМБАЕВА

Хабарламаларға жазылу