Алматыда үш науқастың ВИЧ-ті қалай жұқтырғаны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда үш науқастың ВИЧ-ті қалай жұқтырғаны анықталды

01.08.2023

Алматыда үш науқастың иммун тапшылығы вирусын, яғни ВИЧ-ті қалай жұқтырғаны анықталды. Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова бүгін тексерістің нәтижесін жариялады. Оның айтуынша жансақтау бөлімінде жатқан науқастарға иммун тапшылығы вирусы медицина мамандары қауіпсіздік ережелерін сақтамауы кесірінен жұққан. Бірақ нақты қай кезде екенін арнайы құрылған комиссия анықтай алмаған.

Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер:

Жансақтау бөлімінде сан алуан инвазивті шаралар жасалады. Инъекция салынып, система, катетер қойылады. Вирус осы жолдармен ғана тарайды. Бірақ комиссия нақты қандай шара кезінде үш адамның ВИЧ жұқтырғанын айта алмай отыр. Себебі бейнежазба жоқ.

Хабарламаларға жазылу