Елімізде коронавирус жұқтырған екі адам емделіп шықты

25.03.2020

Елімізде коронавирус жұқтырған екі науқас қауіпті дерттен айықты! Олар ертең үйлеріне жіберілмек. Десе де, жұқпалы індетке немқұрайлы қарайтындар да азаймай тұр. Ақпарат және қоғамдық даму министрі төтенше жағдай кезінде той тойлап ереже бұзған 100-ге жуық адамның жауапқа тартылғанын жеткізді.

Медициналық маска тапшылығы да болмайды. Министрдің айтуынша, қазір ел бойынша 70 цех күніне 850 мыңнан астам бетперде шығырап жатыр. Сондай-ақ Дәурен Абаев жұртты тек ресми ақпараттарға ғана сенуге шақырды.

Коронавирусқа қарсы күрес барынша күшейтіледі. Науқастарды аман алып қалу үшін жасанды тыныстандыру аппараттары да көптеп сатып алынбақ. Өйткені қауіпті індетке шалдыққандардың тыныс алуы қиындайтыны белгілі. Қазір елімізде осындай екі жарым мың құрылғы бар. Енді тағы 230-ы Швейцариядан алынып, 180-ін «Қазақстан инжиниринг» компаниясы тегін бермек.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу