ВИЧ жұқтырғандар жіті бақылауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ВИЧ жұқтырғандар жіті бақылауда

30.01.2020

Соңғы 4 жылда Шығыс Қазақстан облысы мен Павлодар облысының 10 мыңға жуық тұрғынында иммун тапшылығы вирусы анықталған. Сондай-ақ осы өңірлерде АИТВ жұқтырып, емделуден бас тартып жүрген 500-дей адам есепке алынды. 

Мұндай жұмыстар Қазақстан мен АҚШ арасындағы «Флагман» жобасы аясында жүргізілді. Атқарылған шара барысында дертке шалдыққандарды тіркеу, оларды бақылау бойынша ақпараттық жүйе жасалды. Енді мамандар науқастардың денсаулығы туралы ақпаратты электронды түрде ала алады. 

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда осы вирусты жұқтырған 24 мың адам бар. 

Фариза Мұсақызы, Айдын Нұрғалиев

Хабарламаларға жазылу