«Nissan» компаниясының экс-президенті Карлос Гон 9 млн доллар кепілдік беріп, бостандыққа шықпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nissan» компаниясының экс-президенті Карлос Гон 9 млн доллар кепілдік беріп, бостандыққа шықпақ

05.03.2019

Алайда, Токио сотының талабы бойынша ол Жапонияда қалуы тиіс. Сондай-ақ, Гон бейнебақылау жүргізуге келісім беруі керек.

Айта кетсек, Карлос Гон мен «Nissan»-ның директорлар кеңесінің бұрыңғы мүшесі Грег Келли былтыр қарашада қамауға алынды. Гон табысын Келлидің көмегімен салық қызметінен жасырды деген күдік бар. Егер сот кінәлі деп тапса, Гон 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алайда, күдікті өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу