Мұнайшылар өңірінде де сайлаушылар дауыс беруге ынталы
Атырау облысында тұрғындар 278 сайлау учаскесінде дауыс беріп жатыр. 2 000-нан астам комиссия мүшесі жұмыс істеуде. Атырау өңірі өнеркәсіптік аймақ болғаннан кейін биыл екі бірдей кен орнында жаңадан сайлау учаскесі ашылған. Әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт солардың бірінен тікелей байланысқа шығуға әзір. Нұрсұлтан, мұнайшылардың дауыс беру қарқыны қалай?
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Мұнайшылар да саяси науқаннан қалыс қалып жатқан жоқ. Таң атқалы еліміздің әр түкпірінен жиналған қара алтын қорын игерушілер қауырт жұмысқа қарамастан белсенді дауыс беріп жатыр. Біз қазір үздіксіз жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың бірі «NCОC» компаниясының «Самал» вахташылық қалашығындағы №288 учаскесінде тұрмыз. Мұнда 1400-ге жуық мұнайшының дауыс беру құқығы бар. Бұрын олар Атырау қаласына барып дауыс беруге мәжбүр болатын немесе сайлау комиссиясының мүшелері осы жаққа тасымал жәшіктерімен келіп дауыс алатын еді. Қазіргі жұмысшыларға ыңғайлы жағдай жасалған. Таңғы 7-ден бастап өзіне ыңғайлы уақытта келіп, таңдауларын жасап жатыр. Қазір менің жанымда учаске төрағасы ….. тұр. Пәленше мырза, қазір түннен шығып күндізгі ауысымға келіп жатқан мұнайшыларды көріп тұрмыз. Ал зауыт басындағы жұмысшылар қалай дауыс береді?
Бибігүл Бейсенбаева, Техникалық күтім жасауға арналған материалдар мен қосалқы бөлшектер жөніндегі инженер:
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Сұқбатыңыз үшін рақмет. Жалпы облыста 428 мың 127 сайлаушы тіркелсе, оның 11 мыңнан астамы мұнайшылар. Таңғы 7-ден бастап 278 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Учаскелердің есігі дауыс берушілер үшін кешкі 20:00-ге дейін айқара ашық.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04
Өкпе обыры скринингке енеді
21.10.2026, 13:02