Еуропада сайлау учаскелері ашылды
Құрылтай депутаттарын сайлауға Қазақстан азаматтары үшін 61 мемлекетте 79 сайлау учаскесі құрылды. Қазақстан елшіліктері мен консулдықтарында орналасқан учаскелерде бүгін Отандастарымыз өз таңдауын жасай алады. Еуропа елдерінде сайлау учаскелері осыдан екі сағат бұрын ашылды. Қазір бізбен әріптесім Нұрсұлу Қасым байланыста. Нұрсұлу, Сіздер қай елдегі сайлау учаскесінде тұрсыздар?
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Қайырлы күн, әріптестер! Біз қазір еліміздің Бельгиядағы елшілігінде орналасқан 405-сайлау учаскесіндеміз. Брюссель уақыты Астана уақытынан үш сағат артта. Әнұранымыз шырқалып, сайлау учаскесі салтанатты түрде екі сағат бұрын ашылды. Отандастарымыз дауыс беріп жатыр. 67 жастағы Клара Қамиқызына бұл жолы Брюссельде дауыс беру бұйырыпты. Қызылордадан Бельгияға немерелерімен саяхаттап келген Апамыз қазақстандық кәмпиттерден шашу шашып, сайлаудың көрігін қыздырды. Әрі елдің дәмін сағынған қазақстандықтарды бір қуантып тастады. Зейнеткермен жазып алған сұхбатты бірге тыңдайық.
Клара Есмағанбетова, турист:
Зейнеткермін, қырық жылдан аса білім саласында жұмыс жасағанмын. Осы қыдырып жүргенім шүкір мына бейбітшіліктің, еліміздің тұрақты жағдайының арқасында жүрмін мінекей. Болашағы еліміздің жарқын болсын, дами берсін, балаларымыздың болашағы жарқын болсын. Балаларымыздың келешегінен зор үміт күтеміз.
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Бүгін елшілікте орналасқан сайлау учаскесінде дауыс беруге жүзге жуық Отандасымыз тіркелген. Дені-дипломаттар, олардың отбасы мүшелері, студенттер мен халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары. Онан бөлек, Бельгия мен Люксембургта тұратын немесе іссапарда, саяхатта жүрген Отандастарымыз да бүгін кешкі сағат сегізге дейін Брюссельдегі Қазақстан елшілігіне келіп, өз таңдауын жасай алады, әріптес!
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнайшылар өңірінде де сайлаушылар дауыс беруге ынталы
23.08.2026, 12:12
Түркиядағы отандастар да дауыс берді
23.08.2026, 12:11
Онлайн марафон аясында Алматыдағы медиа орталықтың SKY студиясы да жұмыс істеп тұр
23.08.2026, 12:00
ОСК азаматтардың белсенділігі бойынша ақпаратты жариялады
23.08.2026, 11:59
Қазақстанның 27 университеті QS рейтингіне енді
23.08.2026, 11:58
Абай облысында 464 сайлау учаскесі ашылды
23.08.2026, 11:55
«Құрылтай сайлауын ұйымдастыру деңгейі жоғары»
23.08.2026, 11:54
Онлайн марафонда ел тәуелсіздігінің 35 жылдық даму жолы сараланып жатыр
23.08.2026, 11:09