Басты Жаңалықтар Түркиядағы отандастар да дауыс берді

Түркиядағы отандастар да дауыс берді

Бауырлас Түркия елінде де бүгін ел азаматтары дауыс беріп жатыр. Анадолы елінде 4 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Олар Анкара, Ыстанбұл, Измир және Анталия қалаларында орналасқан. Дауыс беруге келіп жатқандардың қатарында халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары, кәсіпкерлер мен студенттер көп. Бізбен тікелей байланысқа шығып тұрған тілшіміз Айдос Әшімұлын сайлау барысы туралы баяндайды.

Айдос Әшімұлы, тілші:

Қазір Түркияда сағат тоғыздан асты. Біз тұрған Ыстамбұл қаласындағы №419 сайлау учаскесі екі сағат бұрын жұмысын бастады. Дегенмен дауыс берушілер легі таңертеңнен бері толастар емес. Мұнда тіркелген дауыс беру құқығы бар азаматтардың басым бөлігі кәсіпкерлер мен студенттер. Халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары да таңдауларын жасауда. Сондай-ақ Түркияға демалуға немесе іссапармен келген Қазақстан азаматтары да ел болашағы үшін маңызды науқаннан сырт қалмай дауыс беруде. Тек Ыстанбұл емес дауыс беру үшін көршілес Бурса, Сакария, Болу қалаларынан да ел азаматтары келіп жатыр. Осылайша елден жырақта жүрсе де Қазақстанның болашағы үшін азаматтық ұстанымын білдіріп, ел дамуына үлес қосам деген отандастарымыздың қатары қалың. Ал Түркия аумағында орналасқан төрт сайлау учаскесінде де осы сағатқа дейін ешқандай заңбұзушылық тіркелмеді. 




Бөлісу