Әзірбайжан астанасы Бакуде жылдағы дәстүр бойынша шеру өтті. 100 мыңнан астам тұрғын қала көшелерімен жүріп келіп, «Ана жанайқайы» атты монументке гүл шоқтарын қойды.
Қаралы күнді еске алушылар арасында ел президенті Ильхам Алиев пен жұбайы Мехрибан Алиева да бар. Мұндай шара бір мезетте елдің басқа да ірі қалаларында да болды. Аталған шеру 1992 жылы сол кездегі Әзірбайжан елінің территориясыда болған үлкен қайғылы оқиғаны еске алу рәсімі ретінде өткізіледі.
Аллахшүкір Пашазаде, Кавказ мұсылмандары басқармасының басшысы:
- Әзірбайжан аумағында көптеген халық тату-тәтті тұрады. Исламды айтпағанда өзге діннің шіркеулері мен кітапханалары толық жөндеуден өткен. Оған барлығы куә. Толлеранттылық дегеніміз - осы. Біз құлшылық жасағанда және уағыз кезінде де халықтарды кез келген шиеленісті бейбіт жолмен шешуге шақырамыз.