Түркия Шыңжаңдағы жағдайға алаңдаулы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия Шыңжаңдағы жағдайға алаңдаулы

26.02.2019

Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы Қытайды Шыңжаңдағы ұйғырлар мен өзге де мұсылмандардың діни бостандығы мен мәдени ерекшелігін қорғауға шақырды. Мұндай мәлімдемені түрік дипломатиясының жетекшісі Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары кеңесінің Женевада ашылған сессиясында жасады. «Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағында адам құқықтарының бұзылуы туралы баяндамалар алаңдаушылыққа себепші», - дейді Чавушоғлы.

Біріккен Ұлттар Ұйымы сарапшыларының дерегінше, Шыңжаңда бір миллиондай ұйғыр мен өзге де түркітілдес мұсылман лагерьлерге қамалған. Алайда, Қытай үкіметі оларға жөнді қарамады деген мәліметтерді жоққа шығарып, осы мәселе бойынша өз атына айтылған сындарды елдің ішкі істеріне араласу деп сипаттап отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу