АҚШ Солтүстік Кореяға вакцина жібермейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Солтүстік Кореяға вакцина жібермейді

23.07.2021

Америка Құрама Штаттары Солтүстік Кореяға вакцина жіберуді жоспарлап отырған жоқ. Вашингтон бұл елдегі гуманитарлық жағдайға алаңдаулы. АҚШ Мемлекеттік департаменті осылай деп мәлімдеді.

Дегенмен, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Солтүстік Кореяда коронавирус жұқтырудың бірде бір фактісі тіркелмегенін мәлімдеді. Бұл жағдай кейбір елдердің күдігін туғызып отыр. Ал, "Рейтер" агенттігінің мәліметінше, ел билігі инфекцияға қарсы шара ретінде шекараны жауып, адамдардың қозғалысына шектеу қойған.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу