Маңғыстауда итбалықтар қырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда итбалықтар қырылып жатыр

26.04.2017

Маңғыстауда итбалықтар қырылып жатыр. Мамандар теңіз жануарларының нақты неден өлгенін дөп басып айта алмады. Тек болжам жасауда. Ал, теңіз жағасында шашылып жатқан итбалықтарды көрген жұрт ұялы телефондарына түсіріп дабыл қағуда.  

Тұрғындар Түпқараған ауданындағы жағдайға алаңдаулы. Онда теңіз жағасына 20-ға жуық итбалық шығып қалған. Денелері әбден шіріп кеткен соң өлу себептерін де анықтау мүмкін болмай тұр. Дегенмен, Алматыдағы зертханаға теңіз жануарларының миы мен асқазанын зерттеуге жіберген.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу