Франция мэрлері «сары кеудешелер» шеруінің зардабын жоюға көмек сұрап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция мэрлері «сары кеудешелер» шеруінің зардабын жоюға көмек сұрап отыр

13.02.2019

Франция қалаларының мэрлері «сары кеудешелер» шерулерінің зардабын жоюға көмек сұрап отыр. Апта сайынғы ереуілдер көптеген шығын әкелді. Әсіресе, бизнес иелеріне ауыр тиіп отыр. Тулуза мэрі Жан-Люк Муденктің мәлімдеуінше, қалаға тәртіпсіздіктерден 30 миллион еуро зиян келген. Ол шығындарды толықтай немесе жартылай өтеуді талап етіп отыр.

Ал, елдің қаржы министрі Бруно Ле Мердің айтуынша, зардап шеккен кәсіпкерлер үшін арнайы жеңілдіктер қарастырылған.

Жергілікті басшылардың есебінше, шерулер салдарынан кәсіпорындар 20-40 пайыз табысты жоғалтқан. Ал, қала орталықтарында бұл көрсеткіш 60 пайызға дейін жетіпті.

Жансая АЛЬЧЕМБАЕВА

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу