Басты Жаңалықтар Н.Ілиясов ауылының диқандары дауыс берді

Н.Ілиясов ауылының диқандары дауыс берді

Қызылорда облысында 500 мыңнан астам адам Құрылтай сайлауында дауыс беру құқығына ие. Еліміздің болашағын айқындайтын саяси науқанға тұрғындар жауапкершілікпен қарап, таңертеңнен белсенділік танытуда. Мәселен, Нағи Ілиясов ауылының диқандар қауымы ұжым болып сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасап жатыр. Дәл қазір өңірдегі тілшіміз Әділбек Серікұлы елді мекеннен тіклей байланысқа қосылып тұр.

Қайырлы таң, Әділбек, ауыл еңбеккерлерінің белсенділігі қалай?

Әділбек Серікұлы, тілші: 

Бүгінгі күн егіс алқабынан емес сайлау учаскесінен басталды. Жергілікті шаруашылықтың 200-ден астам жұмысшысы Құрылтай сайлауына келіп дауыс беріп жатыр. Өйткені, диқандар үшін бұл күннің маңызы ерекше. Елдің дамуы мен ауыл шаруашылығының ертеңі еңбек адамының күнделікті тіршілігімен тікелей байланысты. Ала жаздай егіс алқабында тер төккен шаруалар қазір жиын-терім науқанына қызу дайындалып жатыр. Биыл Нағи ауылының диқандары ақ күріштен тау тұрғызуға ниетті. Дәл қазір шаруашылық бригадирі жанымда. 

Қонысбек Қыдыралиев, өндіріс бригадирі:

Ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге әр азамат өз үлесін қосу керек деп ойлаймын. Бір палаталы заң шығару органы құрылады деп жатыр. Елдегі өзгерістер оңынан болсын деймін. Қарапайым шаруа адамы болсақ та елдің ертеңі жарқын болғанын қалаймыз.

Қамба дәнге толсын дейміз. Жалпы Сыр өңірінде биыл 70 мыңнан астам гектар жерге күріш дақылы егілген. Шаруалар бірер күнде егіс алқабына орақ салмақ. Ал Нағи Ілиясов ауылында дала еңбеккерлерімен бірге елдімекен тұрғындары да Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, азаматтық жауапкершілік танытып жатыр. Әріптес...



Бөлісу