Қарағандылықтар таңмен таласа сайлау учаскесіне ағыла бастады
Қарағанды облысында 639 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Онда 760 мыңға жуық дауыс беруші бар. Қазір өңірдегі тілшіміз Жандос Бақытұля бізбен тікелей байланыста. Жандос, сайлау барысын баяндап берсең.
Жандос Бақытұлы, тілші:
Арқа жұрты әрбір саяси науқанда белсенді. Бүгін де Қарағандылықтар таңмен таласа тұрып, өз таңдауларын жасап жатыр. Мен бүгін шаһардағы нөмірі 100 сайлау учаскесінде тұрмын. Мұнда _ жуық адам тіркелген. Қазірдің өзінде арнайы жәшік, еліміз үшін маңызды таңдау жасалған бюлетенге тола бастады. Жалпы Қарағанды облысында 760 мыңға жуық адам дауыс бере алады. Сонымен қатар өңірде мүгедектігі бар 6 мыңнан аса тұрғын тіркелген. Сайлаушылардың барлық санатына өз бетінше дауыс беруге мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасалған. Және инватакси қызметі де жұмыс істеп тұр. Сайлаушылар үшін облыста 639 сайлау учаскесі ашылған. Оның төртеуі елімізде алғаш рет өндірістік объектілер базасында құрылған. Бұл жаңашылдық туралы алдағы уақытта Теміртау қаласына арнайы барып, толығырақ айтып беремін.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06