16 сағаттық жалпыұлттық онлайн-марафон өтеді
Тура бір сағаттан кейін «Qazaqstan» ұлттық арнасында Құрылтай сайлауына орай жалпыұлттық онлайн-марафон басталады. Шараға қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, сарапшылар, блогерлер, спортшылар мен өнер жұлдыздары қатысады. Қазір сол алаңнан тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес бізбен байланыста тұр. Нұрсұлтан, онлайн-марафонға дайындық қалай?
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Қазмедиа орталығының концерт залында қызу дайындық жүріп жатыр. Өйткені бір сағаттан кейін дәл осы алаңда «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен жалпыұлттық онлайн-марафон өтеді. Мұнда спикерлер қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және тарихи-мәдени тақырыптарды талқылайды. Мотивациялық дәрістер оқиды. Touch Screen арқылы негізгі статистика мен рейтингтер көрсетіледі. Экспресс-камерада жедел пікірлер мен қысқа сұхбаттар болады. Викторина мен ойын-сауық бағдарламалар да бар. «Қарқынды құрылыс» жобасы аясында Ақтөбе, Қостанай, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Павлодар, Абай облыстарындағы құрылыс алаңдарынан тілшілер хабар таратады. Астана, Алматы және Шымкенттен тікелей қосылымдар болады, тілшілер осы аталған үш мегаполистің тыныс-тіршілігін, көрікті жерлерін көрсетіп, тұрғындар мен түрлі сала мамандарынан сұхбат алады. Жалпы, 16 сағатқа жоспарланған шараға қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, сарапшылар, блогерлер, спортшылар мен өнер жұлдыздары қатысады деп жоспарланған.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
20.10.2026, 10:09
«Құрылтай феномені» кітабы таныстырылды
20.10.2026, 10:09
Атбасардың жылу инфрақұрылымы жаңартылып жатыр
20.10.2026, 10:08
Сапасы төмен бензин өндіруге рұқсат берілді
20.10.2026, 10:07
Украина бойынша саммит өткізу мәселесі талқыланып жатыр
20.10.2026, 10:06
Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды
20.10.2026, 10:04
IT бағдарламалар экспорты 1,140 млрд доллардан асты
20.10.2026, 10:03
Қала тыныштығын бұзатын көліктерді енді камералар анықтайды
20.10.2026, 10:02