Бразилияда тікұшақ жүк көлігіне құлап, 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда тікұшақ жүк көлігіне құлап, 2 адам қаза тапты

12.02.2019

Бразилияның Сан-Паулу қаласында төтенше жағдай. Мұнда тапа-тал түсте тікұшақ кенеттен жолда жүріп келе жатқан жүк көлігіне құлаған. Оқиға орнында бірден өрт тұтанды. Апаттан екі адам қайтыс болып, біреуі жараланған. Марқұм болғандардың біреуі - Бразилиядағы белгілі журналист Рикардо Боехат. Қазір апаттың неліктен болғаны анықталып жатыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу