2014 жылдан бері еліміздегі азаматтық авиацияға тиесілі әуе көліктері 27 рет апатқа ұшыраған

20.06.2019

2014 жылдан бері еліміздегі азаматтық авиацияға тиесілі әуе көліктері 27 рет апатқа ұшыраған. Оның 11-нде адам шығыны тіркелмесе, қалған оқиғалардың салдарынан 32 адам көз жұмған. Статистикаға сүйенсек, басым көпшілігінде апатқа ұшқыштардың қателігі себеп болған. Әріптесім Асима Нұрбайқызы соңғы 6 жылдағы деректерді жинады. Рет-ретімен айтып берсін.

 

2013 жыл. Әуе көліктері 5 рет апатқа ұшыраған. Ең ірісі - 24 -қаңтар күнгі оқиға. Көкшетау-Алматы бағытында ұшқан CRJ-200 әуе кемесі Алматы облысында құлады. Бортта 5 экипаж мүшесі мен 16 жолаушы болған. Барлығы қаза тапты.

 

2014 жылы 4 апат тіркеліп, салдарынан 3 адам қаза тапты.

28- мамыр Алматы облысында «Бекас-Х-32» жеңіл қозғалтқышты ұшағы құлап, 29 жастағы ұшқыш көз жұмды. 23- қыркүйек. Тағы да Алматы облысында әскери-оқу жаттығу кезінде Су-27 ұшағы құлап, 2 әскери қаза тапқан еді. 

 

2015 жыл. Әуе көліктері 4 рет құлап, 7 адамның өмірін жалмады. Жамбыл облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырап, бортта болған 6 адам көз жұмды. Жалғыз әйел адам аман қалған. 27 -мамыр. Талдықорған маңында шағын ұшу аппараты құлап, пилот қаза тапты.

 

2016 жыл. Бұл жылы да 4 оқиға тіркеліп, 7 адам көз жұмды. 13- қаңтар. Жамбыл облысында Ми-2 тікұшағы құлап, ұшқыш ауруханада көз жұмды. 27- қаңтар. Алматы облысында Алакөл ауданынан Талдықорғандағы ауруханаға бала апара жатқан тікұшақ апатқа ұшырады. Бортта болған барлық 5 адам көз жұмды. 26- маусым. Алматы облысында егіс алқабын дәрілеп жүрген Ан-2 ұшағы апатты жағдайда қонып, борттағы 2 адамның біреуі көз жұмды.

 

2017 жыл. Әуе көліктеріне қатысты ең көп оқиға тіркелген кезең. 6 оқиға орын алып, 11 адам қаза тапты.

 

2018 жылы әуе апаты тіркелген жоқ. 

 

2019 жыл. 17 -қаңтар. Алматыдағы Алатау сауықтыру кешенінің ауласына Еврокоптер-130 тікұшағы құлады. Ұшқыш жедел ­жәрдем көлігінде жан тапсырды. 21-сәуір. Қарағанды қаласының іргесінде жеңіл авиация кемесі құлап, екі адам қаза тапты.

 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу