Испания астанасы Мадридте мыңдаған адам шерулетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испания астанасы Мадридте мыңдаған адам шерулетті

11.02.2019

Полицияның дерегінше, демонстранттардың жалпы саны 45 мыңға жеткен. Олар үкіметтің Каталония сепаратистерімен келіссөз жүргізу туралы ұсынысына қарсы шыққан. Шерушілердің мәлімдеуінше, бұл отанға опасыздық жасағанмен бірдей. Олар үкімет басшысының қызметтен кетуін талап етті. Дегенмен, премьер-министр Педро Санчестің ұсынысы каталониялықтар жағынан қолдау тапқан жоқ. Демонстрацияны «Халық партиясы» мен «Азаматтар» оңшыл центристік партиялары ұйымдастырған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу