Испанияда әйелдерге зорлық-зомбылыққа қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда әйелдерге зорлық-зомбылыққа қарсы шеру өтті

26.11.2018

Испания астанасы Мадридте үстеріне қызғылт киім киген он мыңдаған әйел шеруге шықты. Осы шара арқылы нәзік жандылар Халықаралық әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою күнін атап өткен. Наразылық акциясы - әлемде осыған ұқсас өтіп жатқан шерулердің бір бөлігі. Қолдарына дауылпаз ұстаған қыз-келіншектер әйелдердің тұрмыста жәбірленуі және нәзік жандыларға қатысты өзге де мәселелерді көтерген. Бұған қоса, Мадридтегі шеруде былтыр Испанияда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қаза тапқан 44 әйелдің есімдері оқылып, еске алынды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу