Басты Жаңалықтар Мадридте Ұлттық күнге орай әскери парад өтті

Мадридте Ұлттық күнге орай әскери парад өтті

Испания астанасы Мадридте Ұлттық күнге орай әскери парад өтті. Оған король Филипп VI қатысты.

Сонымен қатар, шеруді көруге елдің түкпір-түкпірінен дүйім жұрт жиналған. Олар ұлттық  туды ұстап, елдің бірлігін көрсетті. Кеше Испания үкіметі Каталония басшылығына тәуелсіздіктен бас тартуға 8 күн уақыт берді. Егер ол талап орындалмаса, конституцияның 155-ші бабы іске қосылып, бұл аймақ автономиялық мәртебесінен де айырылып қалуы мүмкін.

Естеріңізге салсақ, қазанның 1-де Каталонияда тәуелсіздік референдумы өтіп, электораттың 90 пайызы Испаниядан бөлінуді қолдады. Бірақ, сол плебисцитке дауыс беруге құқығы бар тұрғындардың 43 пайызы ғана қатысқан.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Бөлісу