Мадридте мейрамхана өртеніп, 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мадридте мейрамхана өртеніп, 2 адам қаза тапты

22.04.2023

Испания астанасы Мадридте мейрамхана өртеніп, 2 адам қаза тапты. Тағы 10 тұрғын жараланған. Өрттің шығуына даяшының әрекеті себеп болған сыңайлы. Ол келушілердің тапсырысын ұсынарда көрнекілік үшін ыдыстағы тағамға жалын тигізген. Сол кезде от бірден лапылдап, қабырға мен төбені шарпиды. Тілсіз жау мейрамханадан шығатын негізгі есікке жақын маңда тұтаныпты. Мұны көрген қонақтар сыртқа жылдам шығып үлгеру үшін тұра ұмтылған кезде екі адам көз жұмған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Арай Төлегенқызы  


Хабарламаларға жазылу