Венесуэла: Ресейлік ұшақтың қонуы талқыға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэла: Ресейлік ұшақтың қонуы талқыға түсті

30.01.2019

Каракасқа ресейлік жолаушылар ұшағының барып қонуына қатысты әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер мен жорамалдар айтылып жатыр. Біреулер «лайнерге алтын тиелді» десе, екіншілері «жалдамалы әскерилер апарылды» деп жазған. Дегенмен, ешкім Венесуэла астанасына лайнердің не мақсатпен ұшқанын білмейді. 400-дей жолаушыға арналған Boeing Ресейдің «Nordwind Airlines» компаниясына тиесілі. Дегенмен, Каракас пен Мәскеу арасында тікелей ұшақ байланысы жоқ. Ал, бұған дейін ресейлік жалдамалы әскерилер халықаралық қауымдастық тарапынан қыспаққа алынып жатқан президент Николас Мадуроны қорғау үшін Венесуэлаға аттанды деген хабар тараған еді. Дегенмен, Кремль бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу