Римге бет алған ұшақты ұшқыш басқа бағытқа бұрып әкеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Римге бет алған ұшақты ұшқыш басқа бағытқа бұрып әкеткен

17.02.2014
Римге бет алған ұшақты ұшқыш басқа бағытқа бұрып әкеткен
  Эфиопия астанасыАддис-Абебадан көтерілген Ethiopian Airlines әуекомпаниясының ұшағы Римге қонуы тиіс еді. Алайда екінші ұшқыш әуе көлігін орта жолда бұрып әкетіп, Женеваға қондырған.
 
Женева әуежайынына қонғаннан кейін ол саяси баспана сұраған. Boeing 767 лайнерінің жолаушылары мен экипажынан ешкім зардап шекпеді, деп хабарлайды ВВС.
 
Швейцария полициясының хабарлауынша, ұшақтың екінші ұшқышы әріптесінің әжетханаға шығуын күткен. Ол шыққан бетте ұшқыштар кабинасының есігін жауып, ұшақты Женеваға қарай бұрып әкеткен. Сол Ол 1983 жылы туған Эфиопия азаматы екен.
 
Швейцариялық Tribune de Geneve газетінің хабарлауынша, ол ұшақты Судан елінің үстінен ұшып бара жатқанда басып алған. Әуе лайнерінің бортында 200 адам болған, оның 140-ы Италия азаматы.x

Хабарламаларға жазылу