Stratfor сарапшылары А321 ұшағының апатқа ұшырауының басты себебін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Stratfor сарапшылары А321 ұшағының апатқа ұшырауының басты себебін айтты

03.11.2015
Stratfor сарапшылары А321 ұшағының апатқа ұшырауының басты себебін айтты

Бұл туралы  американдық Stratfor сараптамалық агенттігінің сарапшыларының баяндамасында жазылған, деп хабарлайды korrespondent.net.
«Дегенмен, біз ұшақтың ақауы болуы мүмкіндігін де жоққа шығармаймыз»,-делінген баяндамада.   

Зерттеушілердің  пікірлерінше, ұшақтың қирауына алып келетін әуе апаттарының басым бөлігі ұшақтың ұшуы немесе қонуы кезінде болады. Өйткені, осы уақытта оған қосымша салмақ түседі.

«Ұшақтар үшін әуеде ұшып келе жатып жарылу өте сирек кездесетін жағдай»,-дейді сарапшылар.    

Олар сонымен қатар, ұшақтың электрқұрылғысының да істен шығуы мүмкін еместігін де айтып отыр. Өйткені, бұл жағдайда ұшқыштарға ұшақты отырғызуға мүмкіндік болатын еді. Бұған қоса, ұшақты ИМ ұйымының өкілдері атып түсірді деген жорамал да қисынға келмейді.     

Осындай себептердің барлығын саралай келгенде, сарапшылар ұшақтың құлауына негіз болатын басты себеп – бортта жарылғыш заттың  болуымен байланысты деген байлам жасап отыр.   

Stratfor сарапшыларының пікірлерінше, Шарм-эль-Шейхте қауіпсіздік шаралары өте төмен деңгейде. Соның салдарынан әуежайда  жарылғыш затты емін-еркін алып жүре беруге болады.   

Египетте 31 қазан күні Ресейдің «Когалымавиа» компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Оның бортындағы 224 жолаушы экипаж мүшелерімен бірге мерт болды. Ұшақ Шарм-эль-Шейх қаласына бет алған болатын.

 

 

Хабарламаларға жазылу