Нормативті қаулы жобалары талқыға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нормативті қаулы жобалары талқыға түсті

09.10.2017

Астанада Жоғарғы соттың жалпы отырысы өтіп, бірқатар нормативті қаулы талқыланды. Олардың ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар мен еңбек кодексіне енген өзгерістер бар. Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми бұл шара уақыттың талабына сай халыққа жасалған үлкен қолдау дейді. Сондықтан, өзгергелі отырған заңнамаларды жан-жақты талдау өте маңызды деп атап өтті. Нормативті қаулылар жобаларын талқылау кезінде бірқатар ұсыныс пен ескерту енгізілді. Олар келесі жалпы отырыста сараланып, редакциялық өңдеуден кейін бекітілмек.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу