Алматы әуежайынан 100-ге жуық жолаушы Шымкентке ұша алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әуежайынан 100-ге жуық жолаушы Шымкентке ұша алмай отыр

09.02.2023

Оған оңтүстік шаһардағы ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Air Astana әуе компаниясы өкілдерінің хабарлауынша, мұндай жағдайда ұшақтың қонуы қауіпсіздік шараларына қайшы келеді. Сондықтан жолаушылар 10 сағаттан аса әуежайда өз рейсін күтуге мәжбүр. Жолаушыларға асханадан ыстық тамақ пен сусындар таратылды. Қонақ үйден орын берілген.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу