Дональд Трамп арнайы телевизизиялық үндеу жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп арнайы телевизизиялық үндеу жолдады

09.01.2019

АҚШ президенті Дональд Трамп арнайы телевизизиялық үндеу жолдап, Мексикамен арадағы шекараға қабырға орнату қажеттігін мәлімдеді. Ол билікке келгелі, алғаш рет Ақ үйден тікелей эфирге шығып отыр. Дегенмен, Трамп федералдық үкімет жұмысының жартылай тоқтауына байланысты, елде төтенше жағдай жариялаған жоқ. Айта кетсек, Америка басшысы аталған қабырға құрылысына Конгресстен 5,7 миллиард доллар сұрап отыр. Бірақ, бұл идеяны өкілдер палатасы мен Сенат толық қолдамады. Сондықтан, мемлекеттік бюджет мақұлданбай қалып, үкімет 18 күннен бері жартылай жабық тұр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу