Трамп Солтүстік Корея «қауіпті» деп жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп Солтүстік Корея «қауіпті» деп жариялады

06.11.2017

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяны «өркениетті әлемге төнген қауіп» деп жариялады. Сонымен қатар, ол Пхеньянның Америкаға немесе оның одақтастарына қатер төндіргеніне қарап тұра алмайтынын ескертті. Мұндай мәлімдемені ол бүгін Токиода Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесуде жасады. Сонымен қатар, Трамп Солтүстік Кореяны ядролық қарудан бас тарттыру үшін әскердің күшіне де жүгінуі мүмкін екенін мәлімдеді. Оның бұл сөзіне Абэ қолдау білдірді. Кездесу барысында екі лидер Солтүстік Кореяда ондаған адамға жаңа санкция жариялады.

Айта кету керек, Ким Чен Ын режимі сынаған зымырандар Жапонияның үстінен бірнеше рет өтті.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу