Дональд Трамп журналистермен керісіп қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп журналистермен керісіп қалды

12.05.2020

АҚШ президенті Дональд Трамп баспасөз конференциясы барысында журналистермен сөзге келіп қалды. Ақ үй басшысы коронавирусты анықтау үшін жасалатын тестілердің басым бөлігі Америкаға тиесілі екенін мәлімдеді. Ал БАҚ өкілдерінің бірі елде өлім-жітім азаймай тұрған кезде, президенттің неліктен тест жөнінде айта беретінін сұраған. Трамп «бұл мәселеге Қытай тарапы жауап беруі тиіс» деп, тілшінің бетін қайтарып тастады. Осыдан кейін ол басқа сауалдарға жауап беруден бас тартып, жиыннан кетіп қалды.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу