Австралияның Марбл-Бар қаласында күн 49 градуске дейін ысыды. Сондықтан, үкімет от жағуға тыйым салып отыр. Ал, жүкті әйелдерге, балаларға, жасы 65-тен асқандарға сақ болу ескертілген. Тұрғындар қазір салқындау үшін теңіз жағасына көптеп барып жатыр.
Аптап ыстық Сидней, Мельбурн, Аделайде қалаларына да жетеді деген болжам бар. Синоптиктердің мәліметінше, ел тарихында желтоқсан айы ешқашан мұнша ыстық болмаған. Кейбір аудандарда температура қалыпты нормадан 16 градуске асып кетті. Дегенмен, Австралияның 25 миллион тұрғынының бестен төрт бөлігі теңізге жақын тұрады. Сондықтан, олар үшін ыстық күндер - су жағасына демалатын мүмкіндік.
Арыстан РЫСБКЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.