Түркия Сириямен арадағы шекараны екі жағынан да күшейтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия Сириямен арадағы шекараны екі жағынан да күшейтті

24.12.2018

Аумаққа танктер, зеңбіректерді қоса алғанда жүздеген көлік пен арнайы жасақ бөлімшелері аттандырылған. Техника мен әскерилердің кей бөлігі Сирияның Манбидж қаласына жақын Эльбейли ауданына шоғырланған. Әскери белсенділіктің жоғарылауы осыдан екі күн бұрын Түрік лидері Реджеп Тайып Ердоған күрд қарулы топтарына қарсы іс-қимылды кейінге қалдыратынын мәлімдегеннен кейін байқалып отыр. Ал, бұл шешімге АҚШ президенті Дональд Трамптың америкалық жауынгерлерді Сириядан шығару туралы мәлімдемесі түрткі болды. Қос мемлекеттің басшылары жексенбіде телефон арқылы хабарласып, Сирияда билік вакуумына жол бермеу үшін әскери және дипломатиялық қатынастарды орнату туралы келіскен.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу