Ердоған Сириямен арадағы шекара бойындағы ойындарға тосқауыл қоятынын ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ердоған Сириямен арадағы шекара бойындағы ойындарға тосқауыл қоятынын ескертті

25.01.2018

Түркия президенті Сириямен арадағы шекара бойындағы ойындарға тосқауыл қоятынын ескертті. Реджеп Тайып Ердоған мұндай мәлімдемені Анкарада жасады.

Естеріңізге сала кетсек, Ердоған сенбі күні Сирияның солтүстігіне әскер кіргізуге бұйрық берді. «Зәйтүн бұтағы» операциясының мақсаты – күрдтер басып алған аудандарды азат етіп, оларды арабтарға қайтару. Айта кетсек, Түркия АҚШ-қа арқа сүйеген сириялық күрдтердің қарулы жасақтарын өзіне төнген қауіп деп есептейді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу