Украина Беларусиямен арадағы шекараны күшейтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина Беларусиямен арадағы шекараны күшейтіп жатыр

27.10.2022

Украина армиясы Ресейдің Беларусь жақтан жасалуы мүмкін жаңа шабуылдарына дайындалып жатыр. Мұны бүгін Украина Бас штабы негізгі операциялар дирекциясы жетекшісінің орынбасары мәлімдеді. Оның сөзінше, Беларусь тарапынан қауіп-қатер сейілген жоқ, сондықтан Киев солтүстіктегі әскерді күшейтуге кірісті. Биыл көктемде Ресей әскері Украинаның теріскейіне дәл осы Беларусь аумағынан басып кіргені белгілі. Минск Украинадағы қарулы жанжалда Мәскеудің негізгі одақтасы болып отыр.  

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу